- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның бірнеше өңірінде...
Қазақстанның бірнеше өңірінде жылу беріле бастады
Қазақстанның бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып кетті. 1 қазаннан бастап жылыту маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарланып отыр.
Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істейді.
2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында – 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазіргі таңда – 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және
28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.
Барлық электр станция жылыту маусымының басталуына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген. 2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компанияларының) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желілерін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желілері, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді.
Жылумен қамту саласында 2024 жылы 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл – жылдық жоспардың 94,6 пайызы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина