Қазақстанның бірнеше өңірінде жолдар жабылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде жолдар жабылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 18:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Екатеринбург-Алматы автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы - Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. 

Ал 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Қарағанды облысы:

  • Қызылорда-Павлодар автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы;
  •  Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы;
  • Қарағанды-Аягөз-Боғаз автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.

Ұлытау облысы:

  • Қызылорда-Павлодар автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.

Павлодар облысы:

  • Қызылорда-Павлодар автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.

Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан