Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын мол түсіп, екпіні күшті жел соғады

Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын мол түсіп, екпіні күшті жел соғады
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Ертең, 17 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде жел, жаяу бұрқасын соғады. Тұман болады, кей өңірде жауын-шашын мол түседі. "Қазгидромет" республиканың сегіз өңірінде дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Қостанай облысының көп бөлігінде қар жауады. Жаяу бұрқасын, тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарда күндіз жаңбыр, қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Қарағанды облысында да тұман, жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі. Екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Ұлытау облысында тұман, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан