Қазақстанның бірнеше өңірінде автогаз бағасы өсуі мүмкін

Алматы мен бірнеше облыста автогаз бағасы өсуі мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сұйытылған газ бағасы төмендегідей өсуі мүмкін:

  • Алматыда литріне 65-тен 75 теңгеге дейін өседі;
  • Алматы облысында 70-тен (шалғай аудандарда 75) 75 (80) теңгеге дейін өседі;
  • Шығыс Қазақстанда 60 (65) теңгеден 70 (75) теңгеге дейін өседі;
  • СҚО-да - литріне 70 (75) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін өседі;
  • Абай облысында - 60 (65) теңгеден 65 (75) теңгеге дейін өседі.

    Бұйрық жобасы 17 сәуірге дейін талқыланады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!