- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның бірнеше өңірінде...
Қазақстанның бірнеше өңірінде автогаз бағасы өсуі мүмкін
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазангапов
Алматы мен бірнеше облыста автогаз бағасы өсуі мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сұйытылған газ бағасы төмендегідей өсуі мүмкін:
- Алматыда литріне 65-тен 75 теңгеге дейін өседі;
- Алматы облысында 70-тен (шалғай аудандарда 75) 75 (80) теңгеге дейін өседі;
- Шығыс Қазақстанда 60 (65) теңгеден 70 (75) теңгеге дейін өседі;
- СҚО-да - литріне 70 (75) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін өседі;
- Абай облысында - 60 (65) теңгеден 65 (75) теңгеге дейін өседі.
Бұйрық жобасы 17 сәуірге дейін талқыланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек