Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 қарашада Алакөл көлдері ауданында Жетісу облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.

6 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

6 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр.

Астана қаласында 6 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

6 қарашада Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші секундына 15-20 метр күтіледі. Қызылорда қаласында 6 қарашада жел шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

6 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 6 қарашада тұман күтіледі.

6 қарашада Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

6 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

6 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қаласында 6 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!