- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның бірнеше өңірінде...
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады түнде күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23 метр.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр.
Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15 метр болады.
Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, тау асуларында күші секундына 15-20 метр.
Қарағанды облысының шығысында тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек