Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 мамыр Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығындакей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

19 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында 19 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 19 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

19 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 19 мамырда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астана қаласында 19 мамыр найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Павлодарда: 19 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 19 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Туркестан қаласында 19 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

19 мамырда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

19 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 19 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Алматы қаласында 19 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қаласында 19 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қаласында 19 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

19 мамырда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 19 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 19 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 19 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

19 мамырда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 19 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

19 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 19 мамырда найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина