Қазақстанның бірнеше облысында жол қозғалысы шектелді

Қазақстанның бірнеше облысында жол қозғалысы шектелді
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанның 9 облысында жол қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 ақпанда 10:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі, 15 тасжолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 411 шақырым 2 автомобиль жолында 
1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау а.-Боғас а.
2. "Қарағанды-Аягөз-Боғас" - Аягөз қ.-Боғас а.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырым 2 автомобиль жолында:
1. "Алматау турбазасына кіреберіс аймақ";
2. "Алматы-Ташкент-Термез" - Жаңақұрылыс-Жамбыл облысы шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырым 4 автомобиль жолында:
1. "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" Белоусовка к.-Риддер қ.
2. ⁠ "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары"
3. "Омбы-Майқапшағай" - Абай облысы шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы
4. ⁠ "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" Дайыр а.-Марқакөл а.

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 174 шақырым 1 автомобиль жолында
1. "Алматы-Ташкент-Термез" Алматы облысы шекарасы-Қайнар а., Кенен а.
Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 123 шақырым 2 автомобиль жолында
1. "Үшарал-Достық" Көктума б.-Достық б.
2. ⁠ "Сарыөзек-Көктал" Алтын Емел асуы

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автомобиль жолында
1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 230 шақырым 2 автомобиль жолында
1. "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" Возвышенка а.-Рощинское а.
2. ⁠ "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)" Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автомобиль жолында
1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау к.-Қостанай облысы шекарасы

Қазір республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget