Қазақстанның үш қаласы ауыл санатына ауысуы мүмкін. Тиісті өзгерістер Ұлттық экономика министрлігінің қаулы жобасында көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылау үшін 26 қыркүйекке дейін жарияланған.
Енді Қазақстанда халқы 10 мың адамнан аз қалалар ауыл мәртебесіне ауысады.
"Халқы 10 мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалаларда, халқы 5 мың адамнан басталатын ауылдарда тұрғындарды тарту және ауылдың қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігі орталықтарын – Community center (қоғамдық орталық) ұйымдастыруды көздеу қажет, онда кітапханаларды, акт залдарын, әкім аппаратын орналастыруға, электрондық мемлекеттік көрсетілетінқызметтерді алу үшін жағдай жасауға, сондай-ақ тұрмыстық көрсетілетін қызметтердің басқа салаларын орналастыруға болады. Бұл нысан жергілікті қоғамдастықтың коллаборация (ынтымақтастық) орнына айналуға тиіс", - делінген құжатта.
Бұл қаулы үш қалаға қатысты:
"Ірі 17 ауыл бойынша олардың ауыл мәртебесіне сәйкестігі туралы мәселе тұр, мысалы, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар", - делінген құжатта.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!