Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, ертең, 12 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Астанада қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Павлодарда түнде 12 қазанда қалың қар жауады, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын, қөктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 25 метр болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с болады.

Алматыда түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні – 18 м/с. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!