Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, құбылмалы ауа райы сақталады, тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады, - деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, тек республиканың батысы, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді», - делінген Қазгидромет мәліметінде.
Жамбыл, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.