Қазақстанның бірқатар өңірінде көліктер қозғалысына шектеу қойылды

Қазақстанның бірқатар өңірінде көліктер қозғалысына шектеу қойылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 108-232 шақырымына (Әулиекөл ауданы - Ақмола облысы шекарасы), Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 8-108 шақырымы, (Тобыл қаласынан - Әулиекөл ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Ақмола облысында мына жолдарға шектеу қойылды:

  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • Жақсы-Есіл-Бұзылық 71-82 шақырымы, Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;
  • Жезқазған-Петропавл 536-553 шақырымы, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін;

Жолдарды 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы бойынша тағы бір жолда көлік қозғалысы ашылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан