Қазақстанның 9 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"11 ақпанда сағат 7:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысында – 3 учаске
Алматы облысы - 1 учаске
Атырау облысы - 1 учаске
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске
Жамбыл облысы - 1 учаске
Қостанай облысы - 1 учаске
Қызылорда облысы - 1 учаске
Түркістан облысы - 2 учаске
Ұлытау облысы - 2 учаске
"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 191 техника және 268 жолшы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады
Еске салайық, бұған дейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты алыс жолдарға шықпауға кеңес бергені хабарланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!