Қазақстанның бір өңірінде ұзындығы 100 шақырым болатын жол жабылды

Қазақстанның бір өңірінде ұзындығы 100 шақырым болатын жол жабылды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның бір өңірінде ұзындығы 100 шақырым болатын жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын "Үшарал-Достық" (Көктұма ст.-Достық ст) автожолы жабылды.

Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.

Республикалық маңызы бар автожолдардға 557 бірлік техника және 1 326 адам жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан