Қазақстанның бір өңірінде көлік қозғалысы шектелді

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 21:30-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты Өнеге-Бисен-Сайқын республикалық автожолының 31-103 шақырым аралығында (Бисен ауылы - Сайқын ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - деп хабарлады компания.

Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада, Алматыда және елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!