Синоптиктердің болжамынша, ертең Шымкентте жаз "келеді". Мегаполис тұрғындары аптап ыстық туралы SMS-хабарлама алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
SMS-хабарламада "8 наурызда Шымкентте 18-20 градусқа дейін қатты ыстық болатыны" жазылған.
Дәл осындай болжамды "Қазгидромет" сайты хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз Шымкентте +18+20 градус нөлден жоғары болады.
Қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!