Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстанның су тасқыны қаупі бар бес өңірді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының айтуынша, 1 223 елді мекенге қауіп төніп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұл статистиканы бізге мамандар беріп отыр, адамдар бұл елді мекеннің бәрін су басып қалады деп қорқады. Әрине, жоқ. Осындай қауіп-қатерлердің бар екенін баса айтып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірқатар қауіп жойылды, сондықтан барлық жауапты маман жұмыс істеп жатыр. Статистикалық мәліметтерді алсақ, бұл елді мекендердің басым бөлігі Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан", - деді министр Әрінов.
Еске салайық, 2024 жылғы көктемде Қазақстанның бірқатар өңірін су басып қалды. Оның салдарынан Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары көбірек зардап шеккен еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес