Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар 12 жол жабылды

Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар 12 жол жабылды
Фото: "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі

Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар 12 жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 25 желтоқсанда сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (көктайғақ, тұман, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

"Жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан