Бүгіннен, 2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында карантин шаралары қайта күшейтілді.
Жаңа қаулыға сәйкес:
- Ashyq жобасын орнатпаған ұйымдар мен кәсіпорындардың барлығы жұмысын тоқтатады. Тек мемлекеттік және құқық қорғау органдары, емхана мен ауруханалар, БАҚ, дәріхана мен азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастырады.
- Спорттық, бұқаралық, адам көп жиналатын мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынады.
- Мемлекеттік орган мен кеңсенің, ұлттық компания мен басқа да ұйымдар қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге жібереді.
Құрылыспен айналысатын компаниялар, өндірістік кәсіпорындар, алыстан қызмет көрсететін ұйымдар (автокөлік жөндеу, тігін тігу, көлік жуу, химтазалау, кілт жасау, т.б.), гүл дүкені, фотосалон, туркомпания, нотаруис, бухгалтер, консалтинг, сот орындаушы, мүлік агенттігі, сақтандыру компаниясы, валюта ауыстыру пункті, ломбард сынды қызмет түрлеріне Ashyq орнатып қажет емес.
Күндіз рұқсат етілген мекемелердің жұмысы сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Бұл шектеулер 9 тамызға дейін жалғаспақ.
Ал Ashyq талаптарын орындамағандарға қызметіне 1 апта тыйым салынады. Екінші рет бұзса – 2 апта, үшінші рет бұзса – 1 айға мекемесі жабылады.