Қазақстанның батысында жантүршігерлік жол апатынан шетелдің үш азаматы қаза тапты

Қазақстанның батысында жантүршігерлік жол апатынан шетелдің үш азаматы қаза тапты
Фото: mgorod.kz

29 қазанда Самара-Шымкент тасжолындағы Қобда ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, Kia Rio көлігін мінген Тәжікстанның 34 жастағы азаматы Батыс Қазақстан облысынан Ақтөбе облысындағы Қобда ауылына қарай келе жатқан. Жолдың 606-шақырымында ол Өзбекстанның 31 жастағы азаматы мінген Chevrolet Captiva көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл көліктің екі жүргізушісі де, Chevrolet көлігіндегі жолаушы да оқиға орнында қаза тапты. Екі көліктегі тағы екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан