Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың біріне жақын маңда ұшқышсыз ұшу аппараты құлады деген ақпарат пен суреттер тарады. Бұл мәліметті өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, нысан Ақжайық ауданынан табылған. Ведомство нысан елді мекендерден тыс жерден табылғанын да нақтылады. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін де Батыс Қазақстан облысына ұшқышсыз ұшу аппараттары құлаған болатын. 2025 жылы наурызда Жәнібек ауданында белгісіз дронның сынықтары табылған еді. Ол кезде де өңірлік Полиция департаменті тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова