28-30 cәуірде Қазақстанның басым бөлігінде суық ауа райы сақталады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
"Қазақстанның оңтүстік облыстарына Ираннан циклон келеді. Соған байланысты алдағы үш тәулікте осы аудандарда қысқа мерзімді жауын-шашын болады. Батыстан басқа аймақтарға Батыс Сібірден келген суық атмосфералық фронттар әсер етеді. Бұл жерлерде түнде 0-3 градус суық, ал күндіз 13-20 градусқа дейін жылы болады. Елдің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Маңғыстау облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады", − делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews