Синоптиктер 10-12 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін Қазақстан облыстарының басым бөлігінің тұрғындары арктикалық ауаның салқындығын сезеді, ал оңтүстік циклонның ықпалы елдің оңтүстігі мен шығысында сақталады.
"Республика бойынша, батыс облыстарды қоспағанда, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, екпінді жел секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Ыстық ауа райы республиканың батыс облыстарында ғана сақталады", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз