- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның басым бөлігінде...
Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбырға, бұршаққа байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 24-29 м/с.
Алматыда оңтүстік-батыс желі, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанайда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ күтіледі. 07 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан