Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, мұзтайғақ болады

Синоптиктер 2016 жылғы 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті. 

"Қазгидромет" мамандарының болжамына қарағанда алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында циклонның өтуімен және онымен байланысты атмосфералық фронттармен қар жауады және боран соғады. Көріну 500 метрге кем төмендеуі, желдің секундына 15-20 метр, екпінмен 25-28 метр болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жылымық қар, тұман, мұзтайғақ және температураның төмендеуі болуы мүмкін.

Дереккөз: tengrinews