Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, елдің батысында нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана – күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсерлетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метрге жетіп, кейде екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Алматы – күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 градус жылы болады. Іле Алатауының Алматы қаласына қарасты таулы аумақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең таулы аймақтарды тұман басады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кейде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 8-13 градус жылы болады.
Шымкент – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Ақмола облысы – күндіз жаңбыр мен қар жауады. Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын күшейеді. Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз оңтүстік пен шығыста екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады. Көкшетау – күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауады, кейде жауын-шашын күшейеді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.
Алматы облысы – жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз, күндіз 18-23 градус, таулы аймақтарда 8-13 градус жылы болады. Қонаев – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Жетісу облысы – жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 метрге, кейде секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяз, күндіз 19-24 градус, таулы жерлерде 15 градус жылы болады. Талдықорған – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 22-24 градус жылы болады.
Түркістан облысы – күннің соңына қарай облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17 градус, солтүстік пен таулы аудандарда 8 градус, күндіз 25-30 градус, солтүстік пен таулы аймақтарда 19 градус жылы болады. Түркістан – күн ала бұлтты, кешке қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Батыс Қазақстан облысы – түнде облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз осы аудандарда жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, батыс пен солтүстікте 3 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады. Орал – күн бұлтты, түнде жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 градус жылы болады.
Атырау облысы – облыстың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады. Шығыс аудандарда кей уақыттарда жаңбыр мен қар қатты жауады. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, оңтүстік пен шығыста екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, шығыста 2 градус аяз, күндіз 6-11 градус, шығыста 3 градус жылы болады. Атырау – күн бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 7-9 градус жылы болады.
Маңғыстау облысы – жаңбыр жауады. Облыстың батысы мен орталығында нөсер жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, батыс пен орталықта екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, солтүстікте 1 градус аяз, күндіз 6-11 градус жылы болады. Ақтау – күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде кей уақыттарда жаңбыр күшейеді. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 9-11 градус жылы болады.
Қызылорда облысы – облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстік пен орталық аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 6-11 градус, батыс пен солтүстікте 2 градус, күндіз 20-25 градус, батыс пен солтүстікте 10-15 градус жылы болады. Қызылорда – күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Ақтөбе облысы – түнде облыстың оңтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар жауады, орталық аудандарда кей уақыттарда жауын-шашын күшейеді. Солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстікте 4 градус аяз, күндіз 0-5 градус, батыс пен оңтүстікте 8 градус жылы болады. Ақтөбе – күн бұлтты, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 3-5 градус жылы болады.
Қостанай облысы – түнде облыстың батысы мен оңтүстік-батысында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз де жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік пен шығыста жауын-шашын қатты болады. Батыс және солтүстік аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус, оңтүстікте 10 градус жылы болады. Қостанай – күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысы – күндіз облыстың батысы, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Солтүстікте жауын-шашын аз мөлшерде түседі. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы болады. Петропавл – күн ала бұлтты, күндіз аздап жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
Павлодар облысы – түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең солтүстік пен орталық аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, оңтүстікте 2 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы болады. Павлодар – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады.
Қарағанды облысы – күндіз облыстың батысында жаңбыр жауады, солтүстігінде аздап жаңбыр сіркірейді. Солтүстік пен шығыста тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз батыс пен орталық аудандарда екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, батыста 3 градус аяз, күндіз 11-16 градус, солтүстікте 8 градус жылы болады. Қарағанды – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Ұлытау облысы – күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз шығыста екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, солтүстікте 2 градус аяз, күндіз 10-15 градус, оңтүстікте 18 градус жылы болады. Жезқазған – күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысы – түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Шығыста тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аудандарда 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, таулы аудандарда 2-7 градус аяз, күндіз 9-14 градус, таулы аймақтарда 5 градус жылы болады. Өскемен – күн ала бұлтты, түнде жаңбыр аралас қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы болады.
Абай облысы – түнде облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығыста тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, шығыста 2 градус аяз, күндіз 9-14 градус, оңтүстікте 17 градус жылы болады. Семей – күн ала бұлтты, түннің алғашқы жартысында жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 12-14 градус жылы болады.
Жамбыл облысы – күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауады. Таулы аймақтарды тұман басады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, таулы аудандарда 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12 градус, таулы аймақтарда 3 градус, күндіз 20-25 градус, таулы аудандарда 15 градус жылы болады. Тараз – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!