10 тамызда еліміздің 16 өңірінде ауа райына ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай. Солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде найзағай. Түнде және таңертең шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан жел оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, орталығында түнде және таңертең тұман.
10 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан жел кейде 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай. Шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с. Батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман.
10 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде күндіз найзағай. Күндіз батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек