• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер ертең, 23 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, тұман. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Шымкентте түннің бірінші жартысында қар жауып, тұман түседі.

Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, тұман, түнде таулы аудандарында қалың қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Астанада түнде жаяу бұрқасын.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыста, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Түнде облыстың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз аздаған қар жауады. Жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде түман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget