"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 ақпанда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман болады.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысында да жаяу бұрқасын, жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
Алматыда жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, тұман, көктайғақ болады.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Абай облысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстік-батысында 15-20, Жарма ауданында екпіні - 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында да жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 18 м/с.
Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман болады.
Түркістан облысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші - 15-20 м/с.
Шымкентте тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында секундына 20 метрге жетеді.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, облыстың оңтүстігінде күндіз екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар мол түседі, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, 18 ақпанда екпіні секундына 20 метрге жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!