- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның барлық дерлік...
Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер 16 мамырда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз 16 мамырда облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с, күндіз 16, түнде 17 мамырда кей уақытта 27 м/с.
Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстік-батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан