Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын (қар, жаңбыр) және көктайғақ ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Циклондық белсенділіктің әсері Қазақстанның барлық аумағында сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) және көктайғақ болжанады, тұман, бұрқасын және желдің күшеюі 15-28 м/с, 26 желтоқсанда солтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп болжанып отыр.
Ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!