Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанның ауасы неден ластанып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өздеріңізге мәлім, осы жылдың аяғына дейін 91 ірі ластаушы мекемлерге автоматтандырылған мониторинг жүйелері қондырылады. Бүгінгі таңда бұл жұмыс қызу жүріп жатыр. 39 ірі мекеме ұлттық базаға тіркеліп, оның 9-нан мағлұматын алып отырмыз. Қалғандары бойынша экология комитеті жүйе арқылы бақылап, күнделікті тіршілігін біліп отыр", - деді Нысанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.
Нысанбаевтың сөзінше, ластаушы ең ірі 50 компанияға 2025 жылдың аяғына дейін жаңа технологиялар қондырылады. Қалған кәсіпорындарға 2031 жылға дейін жаңа технолгия енгізілмек.
"Жағдайдың бәрін бақылауда ұстап отырмыз. Ластаушылардың көбі мұнай-газ және химия саласындағы зауыттар", - деді министр.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз