Қазақстанның әскери-теңіз күштері жоғары дайындық режиміне өтті

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес әскери-теңіз күштерінің мыңға жуық әскери қызметшісі жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шараларға әскери-теңіз базасының күштері мен құралдары, әртекті кемелер дивизионы, теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны, диверсияға қарсы күштер мен құралдар ротасы және гидрографиялық қамтамасыз ету қызметтері қатысады.

Кешенді тактикалық-саптық сабақтар барысында хабарландыру жүйесінің тиімділігі, штабтар жұмысының үйлесімділігі тексеріледі. 

"Мұндай іс-шаралар басқару жүйесін жетілдіруге, әскери қызметшілердің одан әрі кәсіби өсуіне бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Суреттер: gov.kz

Жазғы оқу кезеңінде Әзербайжан қарулы күштерімен бірлескен жаттығулар, кемелерді теңізге шығару, практикалық атыс, жауынгерлік машиналарды жүргізу, парашюттен секіру және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз