Қазақстанның 900 азаматы шетел түрмесінде жазасын өтеп жатыр

Қазақстанның 900 азаматы шетел түрмесінде жазасын өтеп жатыр
Фото: elements.envato.com

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәжіліс отырысынан кейін журналистерге Қазақстанның 900 азаматы шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазір 900 қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде басым бөлігі, яғни 650 адам Ресей түрмелерінде отыр. Ал біздің түрмелерде мыңнан астам шетелдік азамат жазасын өтеп жатыр. Олардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары. Аталған тақырып аясында 24 келісімшарт орнаттық. Шетелде оқып жатқан, білім алып жүрген адамдардың жақындары олармен тұрақты түрде байланыста болуы керек. Олардың немен айналысып жатқанын, кіммен араласып жүргенін бақылауы керек. Себебі біздің жастар шетелге барып, оңай ақша табамыз деп, келеңсіз жағдайларға жиі ұрынып жатады», – деді ол.

Айта кетейік, соңғы бес жылда Қазақстанға 160 азамат қайтарылып, 190 шетелдік өз еліне жіберілді. Биыл 9 айдың ішінде 24 қазақстандық азамат қайтарылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет