- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның 9 өңірінде...
Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет синоптиктері 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Петропавл қаласында күндіз 12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Қарағанды облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды қаласында күндіз 12 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с-ке жетеді.
Жезқазғанда және Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан еседі, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетуі ықтимал.
Семей қаласында 12 шілдеде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 12 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Батыстан жел есіп, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Талдықорған қаласында 12 шілдеде кей кезде найзағай ойнауы мүмкін.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Көкшетау қаласында 12 шілдеде түнде найзағай ойнайды.
Нұр-Сұлтан қаласында 12 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
Г. Досымшалова