Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Мassaget.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер (2-ші деңгейлі), Семей (2-ші деңгейлі), Өскемен (2-ші деңгейлі), Теміртау, Қарағанды қалаларында қолайсыз ауа райы шарттары орын алады.

«27 қарашада ауа райы шарттары қала атмосферасына ластайтын заттардың жиналуына ықпал етеді. 27 қарашада жалпы қала бойынша ауа ластануының жоғарғы деңгейі күтіледі», - делінген хабарламада.

Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа ластануының жоғарғы деңгейі күтіледі. Бұл үш қала тұрғындарына таза ауада, әсіресе, автомобиль жолы немесе ластаудың  басқа да көздерінде уақыт өткізуді азайту ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдер далада ұзақ серуендеуден бас тартқаны жөн.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлы, аллергиялық аурулармен қиналатын адамдар далаға шыққанда өздерімен бірге барлық қажетті дәрілік құралдарын алып жүргені жөн. Сондай-ақ таза ауада физикалық жүктемені азайтқан дұрыс. Дене шынықтыруды және спортпен айналысуды жабық спорттық кешендерде өткізіңіз.