Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда, Абай және Павлодар облыстарында барлық республикалық тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктерге, дизельмен жүретін автомобильдерге қозғалыс шектелді. Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі шекарасында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында "Қызылорда-Павлодар" тасжолында, "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара" тасжолында (Ботақара ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін), "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолында (Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жолға шығуға рұқсат етілмейді.

Ақмола облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді.

Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолында (Жамбыл облысының шекарасынан Жанкешу ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!