Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

18 желтоқсанда Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

Күндіз Абай облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр.

Ақмола облысының түнде батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Атырау қаласында 18 желтоқсан кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

18 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Орал қаласында 18 желтоқсан жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

2023 жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Алматы облысындағы Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!