Қазақстанның 3 облысында жол жабылды

Қазақстанның 3 облысында жол жабылды
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

20 қаңтардағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Атап айтқанда, Жамбыл облысында 1 учаске: "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) - 79 шақырым. Жетісу облысында 1 учаске: "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында 2 учаске: "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" 4-104 шақырым, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 шақырым. "Самара-Шымкент" 195-246 шақырым, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 шақырым", - делінген хабарламада.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы
Logotype Massaget