Қазақстанның 2 компаниясы Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектескен

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ресейге санкцияны айналып өтуге Қазақстанның 2 компаниясы көмектескенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр тізімге басқа компаниялар енбегенін атап өтті.

"АҚШ берген ресми ақпаратқа сәйкес, (Ресей Федерациясына санкцияны айналып өтуге) 2 қазақстандық компания көмектескен. Біріншісі, Twenty two компаниясы, ал екінші компанияның атын айта алмаймын. Басқа компаниялар туралы бізде ақпарат жоқ. Олар радиоэлектроника тауарларын саудалаған", - деді Арман Шаққалиев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!