Қазақстанның 18 өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды

12 шілдеде Қазақстанның 18 өңірінде аптап ыстыққа және найзағай мен шаңды дауылға байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғады, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болады. 12 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. 12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында дауыл, бұршақ жауады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 38 градус қатты ыстық сақталады. 12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады. 12 шілдеде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 12 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 12 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 12-14 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстіктен, оңтүстік- батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 12 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 12 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық болады.  12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 12-13 шілдеде төтенше өрт қауіпі бар.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болады. 12-14 шілдеде Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!