ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан xалқының саны 18 миллион адамға жеткенін мәлімдеді.
"Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы мамыр айында Қазақстан xалқының саны 18 миллионға жетті. Осылайша, 11 мамырда 18 миллионыншы адам дүниеге келді. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны – Мүслима Саматқызы. Мүслима отбасында екінші бала. Әкесі – Бестібаев Самат Еркінбекұлы, ұстаз. Анасы – Омарxанова Диана Ерікқызы, оның мамандығы – дефектолог", - деді Сүлейменов Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында.
Министрдің айтуынша, баланың анасы 1991 жылғы, ал әкесі 1982 жылы туған. Нәрестенің өзі салмағы – 3300 грамм, бойы – 51 см болып дүниеге келген.
"Жалпы, тәуелсіздік жылдары халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 маусымға 18 014,2 мың адамды құрады", - деді министр.