Қазақстанның 16 облысында жол жабылды

Қазақстанның 16 облысында жол жабылды

15 ақпан сағат 21:30-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты 16 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 92 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • Абай облысы - 3 учаске (323 шақырым);
  • Ақмола облысы - 27 учаске (2201 шақырым);
  • Ақтөбе облысы - 4 учаске (694 шақырым);
  • Алматы облысы - 1 учаске (84 шақырым);
  • Атырау облысы - 1 учаске (9 шақырым);
  • Шығыс Қазақстан облысы - 3 учаске (280 шақырым);
  • Жамбыл облысы - 1 учаске (450 шақырым);
  • Жетісу облысы - 1 учаске (100 шақырым);
  • Батыс Қазақстан облысы - 1 учаске (133 шақырым);
  • Қарағанды облысы - 8 учаске (1118 шақырым);
  • Қостанай облысы - 11 учаске (1591 шақырым);
  • Қызылорда облысы - 1 учаске (815 шақырым);
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 15 учаске (1924 шақырым);
  • Түркістан облысы - 2 учаске (283 шақырым);
  • Ұлытау облысы - 3 учаске (543 шақырым).

Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 670 бірлік техника мен 1479 жол жұмысшыс жұмылдырылды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тыныс белгілері қай кезде қабаттаса қойылады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә