- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның 14 өңірінде...
Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус суық, үсік жүреді. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 28-29 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан