Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі. 2 қазанда облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

2-4 қазанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 2-04 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

2 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

2 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

2 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігіңде 2 градус үсік, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

2 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

2 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

1 қазанның сағат 21.00-ден 2 қазанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

2 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

2 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, батысында, тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі.

2 қазанда Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 2 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 2 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

2 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 2 қазанда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі.

Астана қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

2 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина