15 ақпан сағат 00:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты 14 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 38 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Абай облысында – 9 учаске (1053 шақырым);
- Ақтөбе облысында – 5 учаске (696 шақырым);
- Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым);
- Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 шақырым);
- Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым);
- Жетісу облысында – 2 учаске (423 шақырым);
- Қарағанды облысында – 1 учаске (48 шақырым);
- Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым);
- Павлодар облысында – 2 учаске (438 шақырым);
- Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске (316 шақырым);
- Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым);
- Ұлытау облысында – 2 учаске (438 шақырым);
- Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым);
- Қостанай облысында – 1 учаске (83 шақырым).
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарды күтіп ұстауға 304 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!