Қазақстанның 13 өңірінде балалар әлі де үйден оқып жатыр

Қазақстанның 13 өңіріндегі 663 мектепте 6784 сынып қашықтан оқуға көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 желтоқсандағы жағдай бойынша Оқу-ағарту министрлігі 663 мектептегі 6784 сыныпты қашықтан оқу форматына ауыстырды. Шектеу 13 аймаққа әсер етті:

  • Қостанай облысы - 167 мектеп, 2727 сынып;
  • СҚО - 64 мектеп, 247 сынып;
  • Ұлытау облысы - 15 мектеп, 93 сынып;
  • Маңғыстау облысы - 1 мектеп, 1 сынып;
  • Ақмола облысы - 58 мектеп, 268 сынып;
  • БҚО - 3 мектеп, 6 сынып;
  • Жамбыл облысы - 20 мектеп, 986 сынып;
  • Астана - 46 мектеп, 462 сынып;
  • ШҚО - 119 мектеп, 1034 сынып;
  • Абай облысы - 48 мектеп, 299 сынып;
  • Қарағанды облысы - 47 мектеп, 260 сынып;
  • Атырау облысы - 18 мектеп, 94 сынып;
  • Павлодар облысы - 57 мектеп, 307 сынып.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!