Қазақстанның 13 өңіріндегі 663 мектепте 6784 сынып қашықтан оқуға көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2 желтоқсандағы жағдай бойынша Оқу-ағарту министрлігі 663 мектептегі 6784 сыныпты қашықтан оқу форматына ауыстырды. Шектеу 13 аймаққа әсер етті:
- Қостанай облысы - 167 мектеп, 2727 сынып;
- СҚО - 64 мектеп, 247 сынып;
- Ұлытау облысы - 15 мектеп, 93 сынып;
- Маңғыстау облысы - 1 мектеп, 1 сынып;
- Ақмола облысы - 58 мектеп, 268 сынып;
- БҚО - 3 мектеп, 6 сынып;
- Жамбыл облысы - 20 мектеп, 986 сынып;
- Астана - 46 мектеп, 462 сынып;
- ШҚО - 119 мектеп, 1034 сынып;
- Абай облысы - 48 мектеп, 299 сынып;
- Қарағанды облысы - 47 мектеп, 260 сынып;
- Атырау облысы - 18 мектеп, 94 сынып;
- Павлодар облысы - 57 мектеп, 307 сынып.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова