Қазақстанның 13 облысында жол жабылып, 4 мыңнан астам көлік жиналып қалды

Қазақстанның 13 облысында жол жабылып, 4 мыңнан астам көлік жиналып қалды
Фото: видеодан алынған кадр

7 ақпан сағат 21:00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 59 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар күре жолдың 5 973 шақырымында шектеу қойылған.

Аталған учаскелерде жолда 4 182 көлік (3598 жүк көлігі, 584 жеңіл көлік, 3 қоғамдық көлік) жиналып тұр.

"ҚазАвтоЖол"жолшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге 785 арнайы техника мен 1420 жолшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген және компанияның ресми сайтында қолжетімді. Сондай-ақ тәулік бойы 1403 call-орталығы жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан